ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру

2022 жылдың 12 қыркүйегінде Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері тарапынан Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған «ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру» тақырыбында әдістемелік  кеңес өткізді.

Кеңес барысында академиялық дербестікпен оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, дуальды оқыту, мақсатты оқыту, кредиттік-модульдік технологияны жетілдіру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында ТжКБ педагогтерін аттестаттау, инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдарды енгізу және жоспарлау, колледж оқытушыларын қалалық, республикалық кәсіптік байқауларға қатысуға дайындау бойынша кеңестер берілді.

Әдістемелік кеңеске қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігі мен іс-шараның уақытылы өткізілуі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған