НЗМ мектептерімен бірлескен тәжірибе алмасу алаңы

09.09.2022 ж. күні  «Өзгерістерден ізденістерге дейін»  НЗМ бірлескен тәжірибе алмасу жұмыс алаң мақсат-міндеттері, кезеңдері, жұмыс жоспары, бағыты таныстырылып, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлесе әрекеттесуіне, ортақ алаңда жұмыс істеуіне ықпал ету мақсатында  «НЗМ мектептерімен бірлескен тәжірибе алмасу алаңы» отырысы өтті.Отырыста БЖО әдіскері Маманова Жанар Сейтахметқызы, №59 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, үйлестіруші Сахмурзаева Гулжамила Тохтарқызы, Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мендибаева Салтанат Аблахатқызы білім саласындағы өзгерістерді саралау, оқу процесіне енгізу, үлгілік оқу бағдарлама мақсаттарымен жұмысты жандандыру, әдістемелік жағынан жетілдіру, мұғалімдердің бірлесе әрекеттесуіне, ортақ алаңда жұмыс істеуіне ықпал ету, сабақтағы іс-әрекетті зерттеу қадамдарын меңгере отырып, іс-тәжірибені жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған