Оқытудағы инновациялық тәсіл және оны информатика, физика, математика пәндерін оқытуда іске асыру жолдары

2022 жылдың 22 тамызы күні Нұр-Сұлтан қаласы № 64 мектеп-лицей базасында педагогикалық қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы аясында «Оқытудағы инновациялық тәсіл және оны информатика, физика, математика пәндерін оқытуда іске асыру жолдары»   тақырыбында панельдік секциялық жұмысы өтті.

         Секция жұмысына  «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы», «Назарбаев зияткерлік мектебі» ББАҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ» АҚ  педагогикалық өлшеулер орталығының сарапшылары, Педагогикалық зерттеулер институтының директоры Ахметова Гульнара Батырбекқызы , «Республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау» орталығының басшысы Асаинова Жанат Кабатайқызы, Республикалық физика-математика мектебінің шебер-педагогтары, физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектеп» АҚ педагогтары, Халықаралық мектебінің  «Болашақ» бағдарламасының түлектері, BINOM SCHOOL мектептерінің педагогтары, «Quantum Stem school» педагог-шеберлер,  сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің физика, математика және информатика пәні мұғалімдері қатысты.    Конференция аясындағы панельдік секцияның жұмысы Youtube каналында тікелей көрсетілімі бар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта және панелдік секция отырысынан кейін «Ұстаздар саябағында» педагогтардың іс-тәжірибесінен постерлық секция офлайн форматта өтті. Панельдік секцияның жұмысын Нұр-Сұлтан қаласы  Білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы   алғы сөзімен ашты.

 Тамыз кеңесінің секцияларында келесі мәселелер талқыланды:

–        Жалпы білім беретін мектептерде математика, физика және информатика  пәндерін  оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттері; 

–           Оқытудағы инновациялық тәсіл және оны информатика, физика, математика пәндерін оқытуда іске асыру жолдары;

–        білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдық бағалау;

–        мұғалімнің авторлық бағдарламасы – бірегей тұжырымдаманы әзірлеу мүмкіндігі;  

–        математика, физика және информатика пәндерінің мазмұны, үлгілі оқу бағдарламалары, орта мектептегі бағдарламалар мен оқулықтар;

Жұмыс барысында физика-математика бағытындағы НЗМ педагогтары: Жунусбаева М.Т. және Тулеуова А.Б. «Іс-әрекетті зерттеу – кәсіби өсу шыңы», Халықаралық мектеп ұстаздары: Смагулова М.Т. «Оқушылардың математикалық сауаттылығын дискурстар көмегімен дамыту», Ерменова Б.А. «Әрекеттегі зерттеу, методикалық бағыт», «Quantum Stem school» педагог-шебер Каримова Н.Б. және BINOM SCHOOL педагог-шебер  Анкежанова Қ.К. «Физика сабақтарында проблемалық оқыту арқылы  оқушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?», Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп- гимназия» КММ педагогтары: Сафонова  Е.Г. және Ельчибаева А.Б. «Бинарлық сабақтар өткізу арқылы оқушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқуға деген ынтасын арттыру», «Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК  сертификатталған STEAM тренері Парманова С.К. және » № 89 мектеп-лицей» КММ математика пәні педагог-зерттеуші Парманова Ш.К. «Математика сабағында STEAM әдістері арқылы қолданбалы тапсырмаларды орындау және сол  арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру», «Quantum Stem school» педагогтары: Смаилова М.Т. және  Балыкова Б.Ж. «Математика сабақтарында проблемалық оқыту арқылы  оқушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?», «Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни» атындағы № 85 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Шакубаева Б.Т. және  №46 «балабақша-мектеп-гимназия» кешені МКҚК математика пәні мұғалімі Ахметжанова З.Т. «Оқушылардың жұптық жұмысы сыртқы бағалауға дайындықтың тиімділігіне  әсері», №39 кешкі (ауысым) мектеп КММ информатика пәні мұғалімі  Қожахмет А.Қ.  «Информатика пәнін оқытудағы құзыреттілік тәсіл», № 70 мектеп-лицей КММ информатика пәні мұғалімі Махсұт Ж.М. «Сабақты зерттеу: информатика пәнінде кіріктірілген сабақтарды өткізу», № 21 орта мектебі КММ информатика пәні мұғалімі   Темирова Л.С. «Информатика сабақтарында ерекше білім беруді қажет ететін  балаларға арналған тұлғалық-бағдарлық тәсіл», №93 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі  Мустапанова М.Б. «Информатиканы оқытудағы құзыреттілік тәсіл және оны жүзеге асыру», №72 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Оразбаева Б.М. «Информатика сабағы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру құралы», №6 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі Жунусова З.Н. «Бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған бағдарламалауды үйренудегі құзыреттілік тәсіл», №38 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Сейлова К.С.  «Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру құралдары» тақырыптарында күнделікті жұмысында қолдануға болатын инновацияларды ұсынып, пайдалы ақпаратпен бөлісті. Жалпы білім берудің өзекті мәселелері бойынша пленарлық отырыста 8 баяндама, практикалық бөлімде 14 шеберлік-сыныптары, постерлық сессияда 26 педагогтың озық тәжірибелері тыңдалды.

 Білім беру жаңғырту орталығының әдіскерлері:

Жакупова Г.А.

Анарбаева А.С.

Каппасова С.Е.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған