Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелер мен сауықкештерді өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 17 маусым күні №32  «Балдәурен»  балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелер мен сауықкештерді өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында қалалық  оқыту семинары өтті.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған іс-шара мақсаты   мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелер мен сауықкештерді ұйымдастырып өткізуде әдістемелік көмек көрсету болып табылады.    

 Қалалықоқытусеминарының модераторы, орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова қатысушыларға іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

Спикерлер орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскерлері М. Боранбаева, Б. Әзімбай «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде  мерекелер мен сауықкештердің маңызы мен рөлі», «Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін кәсіби байқаулар» тақырыптарында сөз сөйледі. Жас мамандарға кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіру, іс-шараларға белсене қатысу ұсынылды. 

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, жас педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу, бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету жұмыстары өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған