«ТжКББ оқыту бағдарламаларын құрастыру» тақырыбында семинар

Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары академиялық дербестікке көшу шеңберінде әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын жаңартуда.

Осыған орай, 2022 жылдың 2 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының ТжКББ бөлімінің әдіскерлері мен  «Талап» КЕАҚ мамандары тарапынан қалалық колледж директорларының оқу жұмысы бойынша орынбасарларына арналған «ТжКББ оқыту бағдарламаларын құрастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында оқыту нәтижелеріне бағытталған білім беру бағдарламаларын құрастыру жұмысы қорытындыланып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалынды, кәсіптік стандарттарды қалыптастырудағы жұмыс берушілердің рөлі мен болашақ мамандардың іскерлік дағдыларын жетілдіруге ықпалы  туралы сөз қозғалды.

Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып,  қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған