2022 жылғы 17-18 мамыр күндері Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «САПАЛЫ БІЛІМ: ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ, БІЛІМДІ ҰЛТ» тақырыбындағы арнайы білім беретін педагогтерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы білім беру саласының 200-ге жуық мамандары жиналды.
Конференцияда баяндама оқығандар:
1. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттык ғылыми-практикалық орталығының директоры – А.М.Кудеринова;
2. Оңтүстк Қазакстан мемлекеттік педагогикалык университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор, Г.Д.Сүгірбаева;
3. Солтүстік Қазакстан облысы әкімдігі білім басқармасының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және акпараттық технологиялар орталыгының директоры – Р.С.Сәркен;
4. Ақтөбе обылысыныц ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері – М.А.Раисова;
5. «Асыл Мирас» орталығының директоры Н.А. Тортулова. Конференцияға қатысушылар №32 «Еркін» балабақшасында (сөйлеу функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) КММ, №28 «Гауһар» балабақшасында (сөйлеу функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) КММ, №37 «Айгерім балабақшасында (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған) КММ өткізілген практикалық сабақтарға қатысып, мамандар өзара іс-тәжірибесімен алмасты. Практикалық сабақтар «Түрлі-түсті кинезология», «Сенсорлық интеграция», «Кинусайга» әдісімен жұмыс жасау, «Мнемотехника: ертегілер еліне саяхат», «Квилинг» әдісімен жұмыс жасау және т.б. тақырыптарды қамтыды. Конференцияға қатысушалар ППТК №2, «Асыл Мирас» аутизм-орталықтарының жұмысымен танысып, қонақтар үшін «Көне Шымкент қалашығына» саяхат ұйымдастырылды.