Білім беруді цифрлық транформациялау жағдайында педагогтің кәсіби өсуі

2022 жылғы 21 мамыр күні  Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының  әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен «Білім беруді цифрлық транформациялау жағдайында педагогтің кәсіби өсуі»  тақырыбында  химия және биология пәндерінің жас мамандарына Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей базасында  қалалық семинар өткізді.

Семинар мақсаты: Жас мамандардың қалыптасуы жағдайында әдістемелік көмек беру, тәжірибе алмасу, кәсіби шеберлігін дамыту.

Семинарда тәлімгер педагогтер №92  мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Абраева Динара Ериковна, №70 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Сагатбекова Серікайша Қабылғазықызы  «Мен қандаймын?» деген тренинг өткізді. Ал жас мамандар Б.Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназиясының   биология     пәнінің мұғалімі  Жақсыбай     Назерке      Мұратқызы, № 88 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Жүсіп Назерке Тұрсынбекқызы “Іс-әрекетті зерттеуде цифрлық технологиялардың пайдасы» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға 30-тан  астам жас маман қатысты. Іс-шарада жас мамандар педагогикалық жұмысында кездескен қиындықтарына тоқталып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты,  ұсыныстарын айтты. Қатысушылармен рефлексия жүргізіліп, кері байланыс орнатылды. Семинар соңында Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге сертификаттар табыстады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *