Жаратылыстану әлемі тұңғиық, қол жеткізбес тым биік

Ағымдағы  жылдың 17 мамыры күні, «Астана орманы» велотрек алаңында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы директоры  Рахметова Жулдыз Куанышевнаның басшылығымен  «Жаратылыстану әлемі тұңғиық, қол жеткізбес тым биік» атты табиғат аясында қалалық  ауқымды іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараға Есіл ауданының №90 МГ, №71 МЛ, №78 МГ,  №79 МГ педагогтері және 8 сынып оқушылары шақырылып, оларға табиғат аясында салауатты  өмір салтын ұстануға, экологиялық білімді қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, табиғат әлеміне қызығушылығын арттыру  мақсатында түрлі сайыстар, эстафеталық интеллектуалды ойындар,  тұрмыс қалдықтарына екінші өмір сыйлау, табиғатты суреттеу, таза ауададағы  «Самаурын –брейк», және «Бауырсақ party» сияқты танымдық іс-шаралар өте жоғары деңгейде өткізіліп, келген қонақтар үлкен ризашылығымен алғыстарын айтып, тарқасты.

 Осындай оқушыларға тәрбиелік маңызы зор, игі шараға, қолдау көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының биология және химия пәні әдіскері  Шакирова Шарипа Химановнаға,         Нұр-Сұлтан қаласы  мәслихатының депутаты Мақжанова Назгүл Сейітқожақызына және  ҚР Парламенті Мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі  Сқақова Айжан Амангелдіқызына алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған