«EduLeadersNS» жобасы аясында

«Оқыту процесін жоспарлау және ұйымдастыру»жас педагогтерге арналған семинар-практикум

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 13 мамыр күні  офлайн форматта Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінде «EduLeadersNS» жобасы аясында «Оқыту процесін жоспарлау және ұйымдастыру» жас педагогтерге арналған семинар-практикум өтті.

2022 жылғы 4 ақпанан бастап жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында келесі мектептер №№8, 9, 15, 37, 54, 56, 67, 82 қатысатын «EduLeadersNS» жобасы әзірленді.

Жоба білім беру ұйымының эмоционалды ортасын өзгертуді, орта құратын моральдық дәстүрді қалыптастыруды, сондай-ақ академиялық үлгерімге ұмтылуды, моральдық және этикалық құндылықтарды арттыруды көздейді.

 «EduLeadersNS» рухани-адамгершілік дамуды қамтамасыз етуге, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, үлгерімді арттыруға, әлеуметтендіруге, кәсіби бағдар беруге, сыни ойлауды дамытуға, экологиялық, салауатты және қауіпсіз өмір мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Семинарда Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Құлмағамбетова Ақсұлу Шынболатқызы  «Сlassroom management» және мұғалім рефлекциясы тақырыбында сөз сөйледі.

Іс-шара барысында жас маман Сүлейменова Шаттық Нұрсәулетқызы №8 мектеп-лицей, Сұлтан Әйгерім Болатқызы №8 мектеп-лицей «Some/any a/an» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: белгісіздік есімдікті және артикльді қолдана білу.

Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған