Бүгін 13 мамыр 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығының» жоспарына сәйкес №92 мектеп-лицейінің базасында «Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану» атты қалалық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: сабақта білім алушының интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге мүмкіндік беру.
Семинар-практикум екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде шебер сабақтар өткізілді.
Шебер сабақтарды берген мұғалімдер:
Проценты | Балтабаева Айгерым Габдувахитовна Математика пәнінің мұғалімі |
Туындының қолданылуы | Ибраева Эльмира Мейрамовна Математика пәнінің мұғалімі |
Табиғаттағы су. Судың кермектігі. Судың ластану себептері | Абраева Динара Ериковна Химия пәнінің мұғалімі |
Микробы в организме человека. | Касымбекова Айгуль Ахмедиевна Биология пәнінің мұғалімі |
Дүниежүзінің саяси картасы | Абжан Гульзира Бауыржановна География пәнінің мұғалімі |
Жануарлар бейнесін 3D модельдеу арқылы жасау (кіріктірілген сабақ) | Махаева Акерке Курманбаевна Информатика пәнінің мұғалімі Касымова Айгуль Идрисовна Технология пәнінің мұғалімі |
Преобразование величин времени. День победы | Кусаинова Светлана Исламгалиевна Бастауыш сынып мұғалімі |
Секунд | Сапаргалиева Назымгул Ермековна Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Әсем Нұрланқызы Информатика пәнінің мұғалімі |
HTML 5-те аудиопанельді шығару, аудио файлдарды ойнату | Бурханов Есен Адилбекович Информатика пәнінің мұғалімі |
№ 92 мектеп-лицей мұғалімдері өздерінің сабақтарында пайдаланып жүрген цифрлық ресурстарын қалай тиімді қолданатынын көрсетті.
Екінші кезең барысында тәжірибе алаңында мұғалімдер оқыту үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі туралы тәжрибелерімен алмасты.
Семинардың рефлексиясы педагог-психологтардың тренинг ретінде жүргізілді, оның барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс берді.