ҮЗДІК АНАТОМ-2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 мамыры күні Нұр-Сұлтан қаласының медициналық колледж студенттері арасында анатомия және физиология пәндері бойынша «Үздік анатом – 2022» атты қалалық зияткерлік сайысы  З.Г. Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» жоғары медициналық колледжінің базасында өткізілді.

Кәсіби ынтымақтастық саласын кеңейту, таңдаған мамандық бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және медицина мамандығының беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған зияткерлік сайыс байқауға қатысушылардан медициналық терминдерді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, латын тілінде білуімен қатар, ұсынылған жағдаяттық есептерді белгіленген уақыт ішінде шешу жылдамдығы сияқты басқа да білімдері мен икемділіктерін, зияткерлік әлеуеті мен эрудициясын паш ететін тапсырмаларды орындауды талап етті.

Зияткерлік сайысқа қатысушылардың барлығы үй тапсырмасы ретінде өз қолдарымен дайындаған адамның дене мүшесінің макетін көпшілік алдында  қорғап, З.Г. Мурзагулова атындағы «ДАНАЛЫҚ» жоғары медициналық колледжінің анатомиялық мұражайына ұсынды.

        «Үздік анатом – 2022» атты қалалық зияткерлік сайыс нәтижесі:

І орын – Идрис Әлия – З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» БМ, жетекшісі – Қалыбекова Әсемгүл Ахметқызы.

ІІ орын Мирзакабулов Абзал – «Томирис» медициналық колледжі,  жетекшісі – Жакипбаева Гульнар Ергабыловна.

ІІІ орын – Ермеков Ислан – «Шипагер» медициналық колледжі,  жетекшісі – Әлібек Ақжұлдыз Сағидуллақызы.

«Ең үздік қолөнер туындысы» номинациясы – Рахматуллин Тимур – «Республикалық Медициналық Академия» ЖШС, жетекшісі – Решетникова Светлана Максимовна.

Сайыстың барлық қатысушылары сертификаттармен, дайындаған жетекшілері Білім беруді жаңғырту орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған