VIII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 29 cәуірінде «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлаудағы заманауи көзқарас» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары мен мамандарына арналған VIII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Сервиc және туризм колледжі» базасында өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының жаңа тәсілдерін іздестіруге және жетілдіруге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция екі тілде, аралас форматта жүзеге асырылды.

«Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлаудағы заманауи көзқарас» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары мен мамандарына арналған VIII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 70-тен аса педагог қатысты. Конференция жұмысы «ТжКБ оқытушыларының кәсіби даму тенденциялары: инновациялық білім беруде оқытушы тұлғасының қалыптасуы», «Болашақ техникалық мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімді технологиялар», «Қызмет көрсету саласы үшін мамандарды даярлау сапасын арттыру жолдары», «Қоғамның инновациялық даму жағдайында білім алушылардың өмірлік құндылықтарға бағытталған ойлау қабілетін  қалыптастыру», «Функционалдық сауаттылық – түлектердің өмірлік және кәсіби жетістігінің негізі» бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары мен мамандарына арналған VIII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының нәтижесінде әрбір бағыт бойынша жүлдегерлер  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған