«Абайтану»  оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны»

2022 жылдың 29 сәуір күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен   «Арман-ПВ» баспасы әзірлеген 5-11 сыныптарға арналған «Абайтану»   оқу-әдістемелік кешенімен таныстыру мақсатында  «5-11 сыныптарға арналған «Абайтану»  оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны» семинары өтті.

Семинарды Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызы  жүргізіп, Алматы қаласынан арнайы семинарға қатысуға келген қонақтармен таныстырып, семинар барысында кері байланыс ұйымдастырды.

 «Арман-ПВ» баспасы –  арманыңыздағы кітаптар!» көрмесі ұйымдастырылды. «Арман-ПВ» баспасының директорының орынбасары Қараева Қымбат Амантурлиевна  «Абайтану»  оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнымен таныстырса,  «Абайтану»  оқу-әдістемелік кешенінің авторы,  филология ғылымдарының докторы, профессоры Зайкенова Руда Қайкенқызы «Абайтану»   пәнінің болашақ ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы мен ерекшелігіне тоқталды.

Семинардан кейін Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясындағы Абай мұражайының меңгерушісі абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы  қонақтарды мұражайдағы мұрағаттармен  және  жасалынып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.  

Семинарға қатысушы қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері белсенділік танытып, өздерінің Абайтану пәнін беруде туындайтын қиындықтарын ортаға салды. Оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған