Қалалық «Abai’s creation» байқауы

Шет тілі пәні бойынша қалалық «Abai’s creation» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2022 жылғы 22 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназиясы базасында шет тілі пәні мұғалімдерінің арасында «Abai’s creation» қалалық байқауы өткізілді.

Мақсаты:білім үдерісінде жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын жүзеге асыру жағдайында Нұр-Сұлтан қаласының педагогтерінің шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері) пәндері мұғалімдері қатысты.

Байқауға 73 педагогтен өтінім келіп түсті. Жоғары ұпай жинаған 22 педагог мәреге жетті.

Жинаған ұпай сандарының қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды:

Ағылшын тілі пәні «Ұлы Абайдың қара сөздерін шетел тілінде баяндау» номинациясы бойынша:

1 орын – Жексенбаева Алмагул Нұрахметқызы – №4 мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәні мұғалімі;

1 орын – Мазимова Айдана Нурлыбековна – №87 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Аскарова Сауле Амангельдиевна – №50 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Сыздыкова Жулдыз Габдулхадировна – №54 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Озат Бердыгуль – №26 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Әділханұлы Мәдияр – №76 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Теремизова Людмила Васильевна – №62 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері марапатталды.

Ағылшын тілі пәні «Ұлы Абайға арнау» номинациясы бойынша:

1 орын – Ахметов Ақжол Ахметұлы – №74 мектеп- лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

1 орын – Макашева Каракоз Сермахановна – №7 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Жакупова Бакытнур Аманжоловна – №31 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Пахрадинова Агзия Жолдасқызы – №78 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Жуматаева София – №11 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Мырзамұрат Балерке Мошқалқызы – №53 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Сидорук Надежда Александровна – №36 орта мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Мукажанова Айжан Оркеновна – №70 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Ермуханбетова Меруерт Ермуханбетовна – №86 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімдері марапатталды.

Француз тілі пәні «Les paroles d’édification d’Abai et les poèmes dédiés au Grand Abai» номинациясы бойынша:

1 орын – Шинтемирова Алия Есенгельдинова – №17 мектеп- гимназиясының француз тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Диханбаева Мақпал Амангельдиева – №67 мектеп-гимназиясының француз тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Шакетова Казына Усенхановна – №33 балабақша-бастауыш мектебінің француз тілі пәні мұғалімдері марапатталды.

Неміс тілі пәні «Аbai.Buch der Worte und Die Gedichte, die Abai gewidmet sind» номинациясы бойынша:

1 орын – Абдрахимова Улжан Зорлыковна – №67 мектеп- гимназиясының неміс тілі пәні мұғалімі;

2 орын – Аубакирова Шынара Айдархановна – №71 мектеп- лицейінің неміс тілі пәні мұғалімі;

3 орын – Бикенова Гулбану Султановна – №38 мектеп-лицейінің неміс тілі пәні мұғалімдері марапатталды.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна белсене қатысқан қатысушыларға алғыс хаттар табыстады. Байқауға қатысқан педагогтердің Абайдың шығармашылығына арнап шетел тілінде өлең жолдарын шығарып, авторлық өлеңдері енгізілген жинақ кітапшасы келген педагогтерге шығарылып, табысталды.

Сонымен бірге, АҚШ Елшілігі жанындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының Аймақтық кеңсесімен ынтымақтастық шеңберінде Орталық Азиядағы кеңсесінен, «Abai’s creation» қалалық байқауының жеңімпаздарына 30 оқулық және де қала педагогтеріне 50 журнал сыйға берілді. Байқауға қатысушы педагогтер қауымы кері байланыс бере отырып алғыстарын білдірді. 

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған