Жаңаша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі

М.Әуезов атындағы атындағы №86 мектеп- гимназиясында қалалық практикалық семинар өтті.

Тақырыбы: «Жаңаша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі»

Практикалық семинардың мақсаты: Білімді меңгеруде әдіс-тәсілдердің сапалық көрсеткішін айқындау.

Міндеттері:

1. Тәжірибе алмасу барысында әдіс-тәсілдердің тиімділігін жетілдіру.

2. Білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Практикалық семинар үш бөлімнен құрылды: М.Әуезов шығармашылығы мен кабитетін таныстыру, тәжірибелік бөлім, сыныптан тыс іс-шара. 

Осы парктикалық семинарда 6 мұғалім шебер сабақтар көрсетсе, 1 мұғалім сыныптан тыс жұмыс, 1 мұғалім ата-анаменжұмысты, 3 мұғалім келген қонақтармен «Оқыту мен оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізді. Биылғы жыл «Балалар жылы» аясында семинардың  ашылуын мектептің бастауыш сынып оқушылары бастап, соңын да оқушылар өз өнерлерімен аяқтады. Қала мектептерінен 70 бастауыш сынып мұғалімі практикалық семинарға қатысып,  көптеген жаңашыл әдіс-тәсілдерге өз қоржындарын толтырды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған