Қазақ тілі  мен әдебиеті пәндерін …

2022 жылғы сәуір айының 21-і күні Нұр-Сұлтан қаласының №69 мектеп-гимназиясы және Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен Қазақ тілі  мен әдебиеті пәндерін интеграция арқылы  оқытудың мүмкіндіктерін талқылау және  тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.

Аталмыш іс-шараны №69 мектеп-гимназия директоры міндетін атқарушы мектептің миссиясы, ұстанымы және тыныс-тіршілігімен таныстыра келе семинарға қатысатын барлық ұстаздарға сәттілік тіледі.

Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Кутубаева Сауле Тургуналиевна мектептің әдістемелік бағытында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып кетті.

Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері,педагог-зерттеуші Шакирова Роза Зиябекқызы мен Жексенбина Арай Балтабековна «Қазақстандағы кітапханалар», атты шеберлік сағатын өткізіп, ұстаздарға бағыт-бағдар берді. Ұстаздар  «болжау, дана үкі, алгаритимдік, өзіңді тексер. Qr код әдістерін қолдану арқылы, заманауи әдіс-тәсілдерді сабақтың жоғарғы деңгейде өткізді.

Аталмыш семинардың тәжірибелік бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  5 сабақ көрсетілді. Сабақ барысында мұғалімдер оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Абилкасимова Күлаш Нұрахиетова мен Шокакова тоты Адильбековна 5-сынып оқушыларымен  «Аспан әлемінің құпиялары»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мәтіннен негізгі ақпаратты сұрыптауда «SWOT талдау» кестесі қолданылды. Талдаудың нәтижесінде оқушылар аталған планеталар туралы негізгі ерекшеліктерді анықтады. Сабақ барысында меңгерілген материалды бекіту мақсатында «Бір сұрақ» әдісі арқылы оқушылар аспан әлемі туралы, сын есім шырайларын қатыстырып, толық жауапты қажет ететін сұрақтар әзірледі. Сабақ соңында «Пирамида» әдісі арқылы кері байланыс орнатылды. Оқушылар 3 меңгерген нәрсе, 2 білетін нәрсе және 1 көбірек білгілері келетін нәрсе туралы жазып, пирамиданың әр сатысына сәйкестендірді.

Схаг Шолпан мен Темірханова Айнаш Батыргалиевна 7-сыныпта «Нарынқұм зауалы» поэмасы»  тақырыбы бойынша сабақ көрсетті. Мұғалім блум таксономиясы негізінде  оңайдан күрделіге қарай «Шығармадағы кейіпкерлерге портреттік мінездеме беру арқылы бағалау салыстыру» мақсатында нәтижелі жұмыс жоспарын құра білді. Сабақта белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін ұтымды қолданды. Жеке тұлғаның алдыңғы білімін еске түсіру мақсатында «Оқиғалар картасы» әдісі, «Суреттер әуенмен  сөйлейді» әдісі бойынша ақынға портреттік мінездеме беру, кейіпкерлерді салыстыруда кестемен жұмыс сонымен қатар жеке, топтық, жұптық жұмыста толықтыру  енгізу, талқылау мақсатында «Жапондық бағалау» әдісін қолданды. Пәнішілік байланыста тарих, музыка, психология, бейнелеу пәндерінің  нақты элементері арқылы  пәндік ресурстарды кеңінен қолдана отырып интеграциялауда сабақ ерекшелігін жаңа қырынан көрсете білді.

 Кусаинова Каракөз Сеитмагзумовна мен Кабикова Ақтоты Айдархановна

  8-сыныпта «Жасөспірім физиологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұйымдастыру кезеңі өткеннен кейін оқушыларға бейнежазба көрсету арқылы сабақта көтерілетін оқу мақсатын болжата алды.Сабақтың басында өткен тақырыпты бекіту мақсатында «Padlet» сауалнама жүргізілді. Бұл әдіс өте тиімді екенін көрсете алды.Себебі оқушылар түгел қатыса алатындығын көрсетті.Берілген сілтеме бойынша оқушылар түгел қатысып, жауап бере алды.Мұғалімдер инновациялық белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді.Сабақ мақсатына сай оқушылар басты кейіпкерлерге тура және жанама мінездеу бере алды.Жұптық және топтық жұмыстардың нәтижесінде сабақ өз мақсатына толық жетті.Топтық жұмыста әр топқа жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылған.1-топқа  «FILA» кестесі берілсе, 2-топқа графикалық мәтінмен жұмыс жасау берілді.3-топқа  «сандар сөйлейді» айдарымен берілген мәтінді графикалық  мәтінге айналдыру жүктелді.4-топ «ПОПС» формуласы бойынша тұжырым жасай алды.5-топқа берілген тірек сөздерге мәтін құрай отырып, жаңашылдығына баға беру және өмірмен байланыстыру тапсырылды.Оқушылардың жұмыс істеу барысында бұл әдіс-тәсілдерді меңгергендігі айқын көрінді.Мұғалімдер АКТ тиімді қолданған.Деректі жазбаларлардан да тың мәліметтер көрсетілді.Әр тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер бағалау жүргізіп отырды.Жекелеген оқушыларға смайликтер таратылды, ауызша мадақтамалар беріліп отырды.Оқушылар тарапынан да кері байланыс жасалынып отырды.Өз пікірлерін, көзқарастарын стикерлерге жазып, жеміс ағашына жапсырып отырды.Сабақ жоғары деңгейде өтілді.

 Мадиярова Керімбала Бабахановна мен Нұрлан Айтолқын 9-сыныптарда Мадиярова Керімбала Бабахановна мен Нұрлан Айтолқын

 9-сыныпта  «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша  «Бейбітшілік-әлем халқының арманы» тақырыбында ашық сабағы  өтті. Сабақ  барысында АКТ  дағдылары кеңінен қолданылды. Үй тапсырмасын  https://quizizz.com арқылы, жаңа сабақты  https://learningappsorg/  платформасы және топтық, жұптық, жеке тапсырмаларды https://padlet.com платформасы арқылы жұмыс жасалып, кері байланыс алынды.

         Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсылық Жұлдызай Жұмабергенқызы  «қазақ тілі мен әдебиеті пәнін интеграция арқылы оқыту қаншалықты тиімді?» тақырыбында коучинг өткізді. Коуч қатысушылары семинар алды сабақтарын интеграциялық талдау тапсырмаларын орындады. Коуч интеграцияның түрлерін айшықты түсіндіріп, қатысушыларға алдағы іс-тәжірибеде қолдануға оңтайлы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Тәжірибе алаңы «Teamwork» белсенді әдісімен рефлекция жасалынып, «кофе брейк» сергіту сәтімен қорытындыланды.   

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған