22 сәуір күні Республикалық физика-математика мектебінің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР «Үздік педагог-2019» атағының, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Әзімбаева Рахат Омашқызының іс-тәжірибе тарату семинары өтті. Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы білі беру ұйымдарының жас мамандары, жас мамандар мектебінің жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығының мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты: озық тәжірибені насихаттап, мұғалім мәртебесін кқтеру. Іс-шараның бірінші кезеңінде қазақ тілі мен әдебиетінен 7-сыныпта «Экология» тақырыбында сабақтан 20 минуттық үзінді болды. Сабақ STEM-мен байланыста өтті. Екінші кезеңде қатысушыларға мұғалім шеберлік сыныбын өткізді. Үшінші кезеңде мұғалімнің шығармашылық көрмесімен танысты. Көрмеде мұғалімнің іс-тәжірибесінен, әдістемелік құралдарынан, авторлық бағдарламаларынан жинақтар, жетістіктерінің дәлелдемелері болды. Қатысушылар семинардан үлкен ризашылықпен тарасты.