Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.

Мемлекеттік ту, елтаңба және гимн мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.

Басты мақсат – қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

2022 жылғы 19 сәуір күні Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздігіміздің белгісі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет ете білуге, елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сынып сағат барысында сынып жетекшілер алдымен Қазақ елінің тұғыры – Туды таныстырумен бастады: Мемлекеттік туымыздың бірыңғай көгілдір түсті екенін, оның неге көк түсті болу себебін түсіндірді. Бұл түстің төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестететінін, бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны екенін, көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіретініне тоқталды.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған