XXI ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес «ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ» атты X Халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференциясы 2022 жылдың 20 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК  базасында өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының (Санкт-Петербург, Волгоград, Петрозаводск, Владикавказ, Курск) кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері қатысты.

Конференцияның сарапшылар құрамы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Білім беруді жаңғырту орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кәсіптік даму институты «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, әлеуметтік серіктестердің өкілдерінен құрылды.

Студенттердің ғылыми-техникалық жұмыстарын дамыту, жастардың ғылыми ойларына қолдау көрсету және дамыту, студенттер мен оның ғылыми жетекшілері арасында ғылыми және педагогикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл конференция  мемлекеттік және орыс тілінде,  аралас форматта (дәстүрлі және қашықтықтан),  5 бағыт бойынша жүзеге асырылды.

Конференцияда экономиканың барлық бағыттарын цифрландыру, көлікте жаңа техника мен технологияларды енгізу, экологиялық қауіпсіздік, туған жерді рухани жаңғырту, отансүйгіштікке және Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мәселелері көтеріліп, талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған