«ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ӘЛЕУЕТІ»

2022 жылғы 15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының МКҚК Білім беруді жаңғырту орталығы және №1 Өнер мектебінің МКҚК ұйымдастыруымен  «Қосымша білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуеті» тақырыбында семинар  өткізілді.

Мақсаты: Қосымша және жалпы орта білім беру ұйымдарының  жас педагогтерінің қазіргі заманғы сабақтарды өткізу кезінде кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін, практикалық дағдыларды қалыптастыруына жағдай жасау

    Іс-шара  барысында: Садыкова Нургуль Госмановна,Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, Исенова Гульзия Жагипаровна, Балалар көркемсурет мектебінің директоры, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, педагогикалық ғылымдарының кандидаты Ижанов Байқоңыр Ижанұлы,  Есанова Жанна Пардакуловна, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары-2020» байқауының «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгі жеңімпазы, Кудерина Жанар Агзамовна, музыка пәні мұғалімі, «ALTYN URPAQ» жобасының, «Қазақ әндері» бағытының авторы және №1 Өнер мектебінің директоры Сәбиев Фархад Қабденұлы жалпы мектеп қызметі жайында атап өтті.

    Шебер – сыныптарбарысында педагогтер кәсіби шығармашылықта білімі мен практиканы   ұштастыра білуді үйрену мен асыру бойынша кері байланыстың түрлері мен әдістерімен таныстыру мақсатында тәжірибелерімен бөлісті.

«Вокал өнері» секциясы бойынша:

  • Алғы сөз, шебер-сынып

Есанова Жанна Пардакуловна, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы , өнертану ғылымдарының  магистрі;

  • «Дикция және артикуляция бойынша жұмыс»

Сабиева Гульжан Муратовна, №1 Өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі;

  • «Джаз шығармаларымен жұмыс»

Ильясова Умыт Вячеславна, №1 Өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі, сүйемелдеуші  Акбулатова Айнагуль Кенесовна;

  • «Заманауи жаңа әндер»

Токтагазина Жансая Ауелбековна, Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп музыка мұғалімі.

«Бейнелеу өнері» секциясы бойынша:

  • Алғы сөз, шебер-сынып

Ижанов Байқоңыр Ижанұлы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты:

  • «Бейнелеу өнері тарихын оқытудың формалары мен әдістері»

Бейсенбаев Даурен Манапович,№1 Өнер мектебінің көркем өнер сыныбының оқытушысы, педагог-шебер;

  • Кофе кескіндемесі»

Қожантаев Туленди Шакибаевич, №1 Өнер мектебінің көркем өнер сыныбының оқытушысы, педагог-зерттеуші;

  • «Терімен жұмыс»

Негметжанова Сания Ануаровна, Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогі.

         Ұйымдастырылған  семинарға  қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтері, «ALTYN URPAQ» жобасының «Қазақ әндері» бағыты бойынша жалпы білім беретін мектептердегі сабақ беретін педагогтер қатысты.

Іс-шарасоңында қатысушылар сұрақтар қойып, қызықтырған тақырыптарды талқылап, қорытынды жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған