«Global scholars» халықаралық жобасы

2022 жылғы 16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК инновациялық жұмыс және ынтымақтастық бөлімінің жоспары бойынша «Global scholars» халықаралық жобасы аясында «М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназия» базасында ережеге сәйкес «Train your brain» зияткерлік олимпиадасы өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:  1 — іріктеу — кезеңі онлайн-режимде өтті, онда мектеп оқушылары командалары, бағдарламаның ағымдағы жылдың тақырыбы бойынша бейнеролик  ұсынды. Нәтижесінде, 1 кезеңге қатысқан 14 мектеп командаларынан  2-кезеңге  6 мектеп (№№ 17, 26, 53, 76, 80, 86) командалары өтті.

Олимпиада барысында командалар ағылшын тілінде 3 тапсырманы орындады:

— команданы таныстыру;

— «Kahоot» бағдарламасы арқылы сұрақ-жауаптар;

— Берілген  тақырыптар бойынша жобаларды қорғау.

Олимпиаданың  2 кезеңінің  қорытындысы бойынша:

— 1 орынды №53 мектеп-лицейі командасы иеленді;

— 2 орынды №26 мектеп-гимназия командасы иеленді;

— 3 орынды 80 мектеп-гимназия командасы иеленді. Қалған мектеп командаларына қатысушы сертификаттары  берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *