Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 13 сәуір күні Астана халықаралық университетініңпедагогикалық колледжі ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер оқу үрдісін жетілдіру» қалалық семинары өтті.
Семинардың ұйымдастырылу мақсаты – ТжКББ ұйымдарында жаңартылған білім мазмұнына байланысты жалпы гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қалалық семинарға 45 педагог қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектебінің Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері ұйымдастырған «Белсенді оқыту әдістерін тиімді таңдау» тренингіне қатысты.
Семинардың екінші бөлімінде «Жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер оқу үрдісін жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер оқытушылары үздік тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың модераторы ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Білім беруді жаңғырту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Н.Исина, Б.Сейдахметова қатысты.