«Педагогикалық идеялар» қалалық фестивалі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы қалалық Педагогикалық идеялар фестивалі отті.

Астаналық колледж педагогтерінің  үздік педагогикалық  тәжірибиесін анықтау  және тарату мақсатында ұйымдастырылған бұл фестиваль үш тілде, қашықтықтан жүзеге асырылды.

«Педагогикалық идеялар» қалалық фестиваліне 19 колледжден 100 үміткер қатысты. Фестиваль жұмысы «Үздік бейнесабақ», «Үздік сабақтан тыс іс-шара», «Өндірістік оқытудың үздік шебер-сыныбы», «Дәстүрден – инновацияға» бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Соның ішінде, 49 үміткер – «Үздік бейнесабақ» номинациясына, 19 үміткер – «Үздік сабақтан тыс іс-шара» номинациясына, 13 үміткер – «Өндірістік оқытудың үздік шебер-сыныбы», номинациясына, 19 үміткер  –  «Дәстүрден – инновацияға» номинациясы бойынша өзара бақ сынасты.

Фестиваль нәтижесінде әрбір бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары анықталып, 2022 жылдың 5 сәуірі күні «Техникалық колледж» ғимаратында марапаттау рәсімі өткізілді.

«Педагогикалық идеялар» қалалық фестивалінің «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша жүлдегерлер:

І   Дәрежелі  диплом   – Матвеева  Лариса Ивановна, Видергольд Раиса Ивановна, ЖШК МҚК «Жоғары   көлік және коммуникация    колледжі» арнайы пәндер оқытушылары;

ІІ  Дәрежелі  диплом      —  Ембергенов Конысбай Назербайулы, «Қоғамдық тамақтандыру және сервис  колледжі» МКҚК қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы;

ІІ  Дәрежелі  диплом       – Майжанова Галия Токтаровна, ЖШК МҚК «Жоғары   медицина    колледжі» арнайы пәндер оқытушылары; 

ІІІ  Дәрежелі  диплом    – Мукашева Жанаргуль Туякбаевна, Қазтұтынуодағының жөғары сауда-экономикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

ІІІ  Дәрежелі  диплом    –   Дюсембинова Зарина Сериковна, Казақ гуманитарлық  заң университетінің   гуманитарлық  заң колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

ІІІ  Дәрежелі  диплом    Кеннесова Нарн Капашевна, Казақ гуманитарлық  заң университетінің   гуманитарлық  заң колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

«Үздік шебер-сынып» номинациясының жүлдегерлер тобы:

І   Дәрежелі  диплом    Карибаева Гулмира Кенжеевна,  «Қоғамдық тамақтандыру және сервис  колледжі»  «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері.

ІІ  Дәрежелі  диплом      – Оразалина Балнұр Мұратқызы, ЖШК МҚК «Туризм  және сервис  колледжі» «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері;

ІІ  Дәрежелі  диплом    – Садыков Марат Қадырбекұлы, «Кұрылыс – техникалық колледжі» МКҚК   «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану»мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері;

ІІІ  Дәрежелі  диплом  – Мухаметалинов Айдархан Канатович, «Кұрылыс – техникалық колледжі» МКҚК «Қүрылыс ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері.

ІІІ  Дәрежелі  диплом    – Кунапина Мадина Алибековна, «Қоғамдық тамақтандыру және сервис  колледжі»  «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері;

ІІІ  Дәрежелі  диплом   –   Касымов Ержан Маратович,  ЖШК МҚК «Жөғары  «ASTANA POLYTEHNIC»  колледжінің өндірістік оқыту шебері;

«Үздік сабақтан тыс іс-шара» номинациясының жүлдегерлері:

І   Дәрежелі  диплом   – Жиенбаева Салтанат Балгатаевна, «Кәсіптік  – техникалық колледжі» МҚК педагог –ұйымдастырушы;

ІІ  Дәрежелі  диплом  – Муравьева Светлана Анатольевна, ЖШК «Жоғары   көлік және коммуникация    колледжі» МҚК «Электрмен қмтамасыз ету» мамандығы бойынша  арнайы пәндер окытушысы;

ІІІ  Дәрежелі  диплом    – Казанбаева Ботагоз Ермахановна, «Басқару колледжі» ЖШС  қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы.

ІІІ  Дәрежелі  диплом   – Балмурзаева Толганай Айтимбетовна, «Кәсіптік  – техникалық колледжі» МҚК  тәрбиешісі.

 «Педагогикалық идеялар» қалалық фестивалінің  «Дәстүрден – инновацияға» номинациясы бойынша жүлдегерлер:

І   Дәрежелі  диплом    – Сейдахметова Баян Аскаровна,  «Шипагер»  медицина колледжінің  математика  пәні оқытушысы;

ІІ  Дәрежелі  диплом      – Есенбекова Алтынай Есенбековна, Бабаева Шолпан Мухамедиевна, ЖШК «Жоғары   көлік және коммуникация    колледжі» МҚК арнайы пәндер  оқытушылары;

ІІІ  Дәрежелі  диплом  – Токтаганова Айнур Сагындыковна, «Жөғары  «ASTANA POLYTEHNIC»  колледжінің информатика пәні оқытушысы;

          Марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшысы

Ә. Жанкарина, «Техникалық колледж» директоры  А.Курманкулов, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әдістемелік жұмыс бойынша зертхана меңгерушісі А.Кусаинова қатысып, Білім беруді жаңғырту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері  Н . Исина  жүлдегерлерді құттықтады. Фестиваль жүлдегерлеріне Техникалық колледжі тарапынан құнды сыйлықтар ұсынылып, барлық қатысушыларға сертификаттар электрондық пошталарына жіберілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған