«Білім сапасын көтеруде интербелсенді  әдістерді  қолданудың  тиімділігі»  тақырыбында қалалық семинар өтті.

2022 жылғы  02 наурыз   күні  Нұр –Сұлтан  қаласы  әкімдігінің  «№49 орта мектетеп» КММ-де «LS. Сабақты зерттеу: «Білім сапасын көтеруде интербелсенді  әдістерді  қолданудың  тиімділігі»  тақырыбында қалалық семинар өтті.

         Мақсаты: «Lesson Study» тәсілінің тиімділігімен бөлісу, тәжірибе алмасу.

    Оқу жылының басында мектепте зерттеумен айналысатын мұғалімдермен   фокус топтар құрылып, пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін анықтауда төмен сапа көрсеткен сыныптардан сауалнама алынып зерттелетін проблемалық сұрақ анықталды.

      Мектеп бойынша 5 зерттеу тобы құрылып,  жоспарға сай сабақтар өткізіліп, бақылаушылар оқушылардың іс-әрекетін бақылады. Зерттеу топтары зерттеп жатқан тақырыптары бойынша  постер қорғады. Серіктес мектебіміз №34 орта мектептің ұжымы «Сабақты зерттеу – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың тиімді құралы» тақырыбында  іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Алданыш,  Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер бойынша координаторы Б.Қ.Миралиев және серіктес мектеп директорлары мен орынбасарлары,  жетекші мектептер координаторлары, мұғалімдері  жалпы алпыстан аса педагогтер қатысты.

Семинарды мектебіміздің  директоры Мухаметжанова Арай Аукеновна ашып, және келген қонақтар мен әріптестеріне сәттілік тіледі.

Мектеп психологі А.Жарболова тренинг өткізіп, қатысушыларға  аффирмация сыйлады.

Қатысушылар үш топқа бөлініп үш буын бойынша сабақтарға қатысты. Сабақ бойынша онлайн кері байланыс берілді.

Семинардың «Шеберлікпен бөлісу» бөлімін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Әкіш жүргізді. Бағдарлама бойынша өткізілген сабақтарды қатысушылар талдап ұсыныстарын айтты.

 Ақерке Алданышқызы мен Бауыржан Қойшыбекович семинардың өту барысы мен LS бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға талдау жасап, семинарға оң баға берді және алдағы уақытта жұмысты қалай жалғастыру керектігін айтып өтті.   Семинар соңында онлайн керібайланыс нәтижесі жарияланды.   «Сабақ үрдісінде интербелсенді әдістер тиімді болды ма?» деген сұраққа 84,6%  «иә», 15,4 % «орташа », 0% «жоқ» деп жауап берген.

«LS. Зерттеу жұмысы бойынша жүргізілген жұмысқа қояр бағаңыз» деген сұраққа 61,5%  – «5», 30,8 –  «4»,  3 % «3» деген бағамен бағалаған.

Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер бойынша координаторы Миралиев Бауыржан Койшибекович семинарға рефлексия жасап,  бағдарлама бойынша сабақ көрсеткен және зерттеу тобы мүшелеріне  сертификат табыстады.

Мектебіміздің директоры  Арай Аукеновна семинарды қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған