«Педагогикалық шеберлік қырлары» тақырыбында қалалық педагогикалық көпір өтті.

2022 жылғы 3 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен № 29 мектепте «Педагогикалық шеберлік қырлары» тақырыбында қалалық педагогикалық көпір өтті.

Іс-шара бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы және дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері үшін ұйымдастырылды.

Мақсаты мұғалімдердің кәсіби дамуы аясында мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын қорытындылау болды.

Мектеп басшысы К. Т. Досмағамбетова құттықтау сөз сөйледі. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары М. Д. Рысмұхамбетова бағдарламамен таныстырды.

Іс-шараға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері Р.Б. Баганалинова, К. Г. Балгинбаева, Алматы ауданы мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.

Мұғалімдер «Шебер мұғалім – сапалы сабақ» педагогикалық студиясында кездесті (А.К.Ерубаева), «Сегодня мы будем размышлять о …» ми шабуылына қатысты (А.А Рахимберлина.); «Блум таксономиясы бойынша жиынтық бағалауды әзiрлеу ерекшелiктерi» кураторлық сағатының тыңдаушылары болды (Г.Қ. Қойшыгарина); «Қашықтан дене шынықтыру өткізу – бұл миф емес, шындық» атты педагогикалық диалог жүргізді (М.Ж.Рахимберлин). «Бастауыш мектепте Case Study тәсілін қолдану» шеберлік сыныбына қатысты (А.О. Қожаналиева), «Үлгерімі төмен оқушыларға формативті бағалау тапсырмасын қалай құруға болады?» атты коучингте кездесті. (Г.А. Байзақова.).

Мектеп мұғалімдері (А.М. Садыхина, Г.И. Абдувалиева, Р.М. Акмаганбетова Н.Ж. Садвакасов, Д.У. Туспеков, Д.К. Менкина ) белсенді және интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып сабақтар жүргізді. Бұл педагогикалық көпір педагогтердің кәсіби өсуін дамыту мәселелерін талқылау және пікір алмасу алаңына айналды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *