«Көкмайса» жобасы

Нұр-Сұлтан қаласы  Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қорының», Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесіп, білім беру ұйымдарында қазақ тілінде білім алатын 5 сынып оқушыларының арасында экологиялық сана-сезім мен білімдерін көтеру, оларға қалдықтарды қалдырмау (қоқыстар) қағидаларымен таныстыру, тұрмыста қолданылған қатты қалдықтарды бөлек жинау сияқты экологиялық мінез-құлықтарын қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 10 жалпы орта білім беру ұйымдарында №56,58,66,73,74,76,86,87,81,90  «Көкмайса» жобасы енгізілді.

Бұл жоба қала өмірін жақсартуға, оны өмір сүру мен кәсіппен айналысу үшін таза әрі ыңғайлы ету үшін, азаматтардың сана-сезімін экологияландыру үшін, табиғатты ұқыптырақ қамқорлық көрсету үшін, тұрақты даму қағидаларымен және тұйық циклді экономикамен таныстыру үшін маңызы зор.

Сонымен қатар, азаматтардың экологиялық сана-сезім мен білімді көтеру арқылы еліміздің жасыл экономикаға өтуге және жасыл технологияны қолдануға ықпал етеді деп күтіледі.

Жобаны жүзеге асыру жоспары 3 кезеңнен тұрады:

  • 10 мектепте шеберлік сабақтар өткізу;
  • шикізатты (қоқысты іріктеу);
  • қортынды.

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне және білім алушыларға шеберлік сабақ өткізіледі. Шеберлік сабағы алдын және одан кейін сауалнама жүргізіледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу. Шеберлік сабағының мақсаты: табиғатқа деген рухани – саналы қарым – қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми – теориялық негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін тәрбиелеп, арттыру.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған