«Білімдегі олқылықтарды жоюдағы іс-әрекеттегі зерттеу: жетістіктер, қиындықтар, шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті

2022 жылғы 3 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мен бастауыш сыныптар қауымдастығының ұйымдастыруымен № 65 мектеп-гимназиясында «Білімдегі олқылықтарды жоюдағы іс-әрекеттегі зерттеу: жетістіктер, қиындықтар, шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға № 70 мектеп-лицейінің, № 29 орта мектептің, № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты: бастауыш сыныпта білімдегі олқылықтарды жоюдағы  іс-әрекетті зерттеудің тиімділігін,  жетістікке жету, кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын  практикалық тұрғыда көрсету.    

Семинар барысында аталған үш мектепте жүргізіліп жатқан зерттеу тобының жұмысына талдау жасалды, бақылауға алынған сыныптарда үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген 4 сабақ өтті. Төрт мұғалім өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Соңында ата-аналармен жүргізілген жұмыстар көрсетілді. Семинарға қатысушылар өз ойларын айтып, құнды пікірлер білдірді..

Семинарды Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Н. Әзімбай, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері К. Күзембаева қорытындылады. Іс-шараға қатысып, іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздар Білім беруді жаңғырту орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған