9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары

02 наурыз күні  «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ- сінде «9-сыны пбілім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары» тақырыбында серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу семинары өтті. Офлайн форматында өткізілген семинарында  қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан жұмысына дайындаудың тиімді жолдары қарастырылды. Семинарға №74, №65, №67 мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімдері қатысты. Семинар барысында «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ- сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қарамурзина Маржан мен Қожахметова Гүлсім аргументативті эссенің жазылу ерекшелігі мен эссе жазуға бағытталған тапсырмаларды құру жолдарын көрсете отырып, практикалық жұмыстар жүргізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған