«Бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толықтырудағы белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті.

2022 жылғы 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №49 орта мектепте «Бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толықтырудағы белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтарды анықтау және оның орнын толықтырудағы белсенді әдіс-тәсілдермен бөлісу.
Іс-шараға елордалық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Алғы сөз сөйлеген мектеп директоры Мухаметжанова Арай Аукеновна семинар бағдарламасын, мақсатын таныстырды.
Семинар барысында мына мұғалімдер:

  1. Сариева Айнұр Омарбековна 2 «Г» сыныбында математика пәнінен «Теңдік және теңсіздіктер. Санды және әріпті өрнектер»
  2. Бодышова Дана Мұхтарқызы 2 «В» сыныбында математика пәнінен «1 санымен амалдар орындау»
  3. Дүйсенова Зульфия Амантаевна 3 «А» сыныбында орыс тілінен «Первый учитель»
  4. Жандарбек Амангүл 3 «В» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістік»
  5. Шаяхметова Асем Кадыровна 3 «Ғ» сыныбында жаратылыстану пәнінен тақырыбы «Серпімділік күші дегеніміз не?»
  6. Өнербай Ұлжан Оразбайқызы 4 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Құстар әні» М.Әуезов, Жақып Аяулым Ермекқызы ағылшын тілі пәні мұғалімімен бірге кіріктірілген сабақ
  7. Сабыр Гүлдана Сейітбекқызы 4 «Ғ» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің жіктелуі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
    Практикалық бөлімде бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Даметкен Пирбаевна «Бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толықтырудағы белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізді.
    Мұғалімдер төрт топқа бөлініп жұмыс жасады:
    I-топ. Бастауыш сынып пәндерінде қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлері?
    II-топ.Бастауыш сыныптарда жіберілген олқылықтардың орнын толтыру жолдары?
    III- топ. Бастауыш сынып пәндерінің ерекшеліктері
    IVтоп. Оқушылардың үлгермеуінің себептері.
    Педагогтер пікір алмасып, ойларымен бөлісті. Олқылықтың орнын толтыру, оқушының білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілдері айтылды.
    Рефлексия кезеңінде Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Н. Әзімбай оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді екенін атап өтті. Қатысушылар тарапынан берілген кері байланыс сабақтардың сапасын әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізері анық.
    Бастауыш сынып бойынша директордың оқу ісі орынбасары Боранова Гүлдана Жумабаевна семинарды қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған