2022 жылғы 25 ақпанда №8 мектеп-гимназиясы базасында Нұрсұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен офлайн форматта «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін кешенді түзете-дамыту жұмыстарының ерекшіліктері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты: психологиялық-педагогикалық түзете білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.
Аталған іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері, ППТК мамандары қатысты.
Семинар барысында:
- «Добрый день, Мое гордое — имя» тренингі;
- Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету сабақтарында жүргізілетін саусақ жаттығуларының рөлі;
- Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен логопед маманының түзету сабақтарында ойын арқылы дыбыстарды машықтандыру;
- Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету сабақтарында АВА – терапия элементерін қолдану;
- Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету сабақтарында нейротренажерды қолдану тақырыптарында педагогтер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында «Радуга настроения» жапон әдет-ғұрыптарын қолдана отыра рефлексия ұйымдастырылды, сонымен қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін ұсыныстар ұсынылды.