«Заманауи тәрбие технологиялары» атты қалалық семинар-тренинг өтті.

24 ақпан күні 2022 ж.  М.Тынышпаев ат.ҚазККА Ақмола колледжінде  колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарға арналған «Заманауи тәрбие технологиялары» атты қалалық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға қатысушылардың  алдында Білім беруді жаңғырту  орталығының инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Марат Маншүк 14 жастан асқан балалардың психофизикалық дамуының ерекшеліктері,  ерекше қажетіллікті қажет  ететін жастар үшін мамандық алуын және  ТжКББ ұйымдарында инклюзивті білім берудегі педагогтерінің  қызметіне қойылатын талаптарымен таныстырды. 

М.Тынышпаев ат.ҚазККА Ақмола колледжінің директордың тәрбие ісі   жөніндегі орынбасары А.О.Сарсенбаева  мен педагог – психологы Г.А.Нарбаева «Тәрбие жұмысындағы педагогикалық серіктестік» тақырыбында тәжірибелік  педагогикалық тренинг  көрсетті.

 Сарсенбаева А.О. көп жылдық тәжірибесімен, тәрбиенің дәстүрлі және жаңа әдістерімен бөлісті және  куратор жұмысында   құқықбұзушылықты алдын алу мен қажетті құжаттарды жүргізу туралы айтып өтті.   

Колледждің педагог – психологы Г.А.Нарбаева ойын түрінде тәрбие жағдайындағы әртүрлі мәселелерді шешу бойынша жаттығулар өткізіп, нейролингвистика мен білім алушыларды тәрбиелеудегі рефлексия, сонымен қатар кураторлардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша түсіндірді. Алған білімдерді бекіту мақсатында, стресс, қобалжу, мазасыздық жағдайын болдырмау үшін психологиялық бірнеше жаттығулар өткізді.

Өз сөзінде  куратор Гакку Калел «Тәрбиенің адами-тұлғалық  технологиясын куратор жұмысында пайдалану» тақырыбында тәрбиенің адами-тұлғалық  технологиясы жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып өтті. Екінші курс студенттері еріктілер қызметіндегі қызықтарға тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Барлық қатысушыларға студенттерде белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға шақырды.

Тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін «Егер Сіз куратор болсаңыз…» атты кураторға ұсыныстар дайындалып, семинар қатысушылары арасында таратылды.     Педагогикалық тренинг қатысушылары, семинар-тренингтің сөз алғандардың жоғары кәсібилігін, ұсынымдардың тәжірибелік мәнін атады.  Семинар –тренингке  30 колледж өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған