«Заманауи сабақтың көкжиегі» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

2022 жылғы 24 ақпан  күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен   №31 мектеп-гимназиясында жас мамандарға арналған «Заманауи сабақтың көкжиегі» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

Іс-шара мақсаты: оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру және әртүрлі құралдарды пайдалану; мұғалімнің кәсіби білімін, дағдысын, жалпы мәдени дамуын, оның жеке көзқарасын және маңызды кәсіби қасиеттерін дамыту.

       Семинарды мектеп директоры А.Чужетова ашып, семинар барысында қатысушыларға жемісті еңбек тіледі. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Сембаева мектеп бойынша экскурсия жүргізіп, гимназия мектебінің миссиясы, мақсаттары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды. Қатысушылардың назарына таныстырылым ұсынылды. Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Н. Әзімбай     сөзін  жас мамандарға арнады.  

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері заманауи білім беру технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар назарына мына ашық сабақтар ұсынылды: жаратылыстану, 2 «Б» сыныбы – Рустемова А.А., математика, 1 «Б» сыныбы – Гемерлинг В.А., дүниетану, 3 «Е» сыныбы – Досанова А.Е., әдебиеттік оқу, 2 «Г» сыныбы – Ажикенова Р.К., сауат ашу, 1 «А» сыныбы – Токышева К.С., математика, 2 «Ә» сыныбы – Магзумова Р.Т., жаратылыстану, 3 «Ж» сыныбы – Агубаева Ф.К., математика, 4 «Г» сыныбы – Белятко И.В., сауат ашу, 1 «Е» сыныбы – Байжуманова Ш.Т., математика, 3 «Д» сыныбы – Абишева А.К., орыс тілі, 4 «Б» сыныбы – Дубилевич Н.В. Ашық сабақтарда оқушылар танымның сарқылмас қуанышын көрсете отырып, қызықты ашылымдар мен саяхаттар, бақылаулар жасады

Бастауыш мектепте тәрбие жұмысына үлкен рөл беріледі. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Байбулганова және А. Молдатаева «Не? Қайда? Қашан?». интеллектуалдық ойынын өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойынды сабақта қалай өткізу керектігін М. Чумак  және И. Ткачева, Р. Аношкина  және О. Құсайынова «Заманауи отбасындағы еңбек арқылы тәрбие алу мүмкіндіктері» атты ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, ұсыныстарымен бөлісті.  Бастауыш сынып мұғалімдері Н. Омарова және Г. Жүнісбеков  әдеби іс-шара арқылы, үйірме жұмыстарын өткізуде жаңа технология мүмкіндіктерін ашып көрсетті.            

Қорытынды бөлімде семинарға қатысушылар өзін-өзі талдау және ашық сабақтарға талдау жүргізді. Семинарға қатысушылар мен қонақтар мектептің педагогикалық ұжымының қызметін жоғары бағалады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған