2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №8 мектеп-лицейімен бірлесіп «Құндылыққа бағдарланған білім беруді қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: құндылыққа бағдарланған мектеп мәдениетін қалыптастыру жүйесімен тәжірибе алмасу.
Семинардың міндеттері: білім берудегі тұлғаға бағытталған тәсілдің ерекшеліктерімен танысу, педагогтердің кәсіби деңгейі мен педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Семинар барысында келген қонақтарға сәндік-қолданбалы өнер көрмесі көрсетілді, №8 мектеп-лицейінің директоры Айтимова Гүлнұр Ерсайынқызы «Мектепте жайлы орта құру туралы» жұмыс туралы айтып берді. Сондай-ақ, ашық сабақтарды ұйымдастырылып өзара қатысу, оларды талқылау, нақты ұсыныстар әзірлеу ұйымдастырылды. Мектеп педагогтері 16 ашық сабақ өткізді олар: математика, география, тарих, информатика, ағылшын тілі, қазақ тілі, өзін-өзі тану пәндер бойынша өтті, онда мұғалімдер өздерінің әдістемелік әзірлемелерін, өз жұмысында қолданылатын оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ең сәтті түрлерін көрсетті. Мектеп педагогтары мотивацияны арттыру үшін заманауи әдістемелерді, формаларды, құралдарды сәтті меңгереді. Өз жұмысында ақпараттық технологияларды, мультимедиялық проектордың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.
Ашық сабақтар өткізілді:
«Жиындар және оларға амалдар қолдану», бастауыш сынып мұғалімі Сатенова А. С.
«Ондық бөлшектерді көбейту», 5 Г сынып, математика мұғалімі-Кузенбаева К. М.
«Сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу», 6 В сынып, мұғалім Ж. С. Жұмажанова.
«Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы», 9 А сынып, география пәнінің мұғалімі Бижанова Г. К.
«Дүнижүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары», 7 А сынып, мұғалім-Куракбаева Р. О.
«Презинтациядағы аннимация», 4 Г сынып, информатика мұғалімі Б. Қасыманқызы
«Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру», 6 б сынып, мұғалім Хуандаг Е.
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа», 5 А сынып, қазақ тілі мұғалімі Тоқтамысова А. Т.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы», 9 сынып, тарих пәнінің мұғалімі Абил Н.
«Отбасылық құндылықтар», 7 б сынып, өзін — өзі тану мұғалімі Қайрат Д. К.
«Researching and writing a magazine article on adventure holidays for families», 6 А сынып, ағылшын тілі мұғалімі-БелгібаеваА.О.
«Spring time in Kazakhstan», 1 А сынып, ағылшын тілі мұғалімі — Жеменикова А. Т. №8 мектеп қабырғасындағы семинар одан әрі қызықты және жемісті кездесулер орнына айналды, сондай-ақ әріптестермен тәжірибе алмасу үшін негіз болады, ал ұсынылған ұсынымдар, дағдылар, тәжірибе алмасу әрбір қатысушы үшін одан әрі практикалық қызметте өз қолданысын табады.