2022 жылғы ақпан айының 18-і күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№22 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК және Білімді жаңғырту орталығы БЖО әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызы ұйымдастыруымен қалалық вебинар өтті.
Іс-шараны мен №22мектеп-гимназия директоры Жүнісова Ботагөз Қолжабайқызы ашып, «Қазақ тілі сабағында тілдік дағдыларды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбы бойынша сөз алды.
Серік Әукенұлының «Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша ұстаздарды оқылымның тиімді стратегияларымен таныстырып, тәжірибемен алмасты.
Баяндамада оқылым дағдысы оқу бағдарламасында және оқу мақсаттарында қалай ұсынылған және оны Ресейдің филология ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы Светловская Наталия Николаевнаның «Өнімді оқу технологиясы» арқылы қалай жүзеге асыруға болатыны туралы әдіс-тәсілдері берілген. Өнімді оқу технологиясы бойынша мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңі, үш сатылы үдерісі туралы толық теориялық түсініктемелер баяндалды. Сондай-ақ, семинарға қатысушы ұстаздармен практикалық интербелсенді жұмыс жүргізілді. Ұстаздар топқа бөлініп Ыбырай Алтынсариннің « Әке мен бала» әңгімесі желісі бойынша оқушыларға «Блумм таксономиясы» құрылымына сәйкес практиалық тапсырмаларға қоса, оқылым дағдысын қалыптастырып, дамытуға арналған белсенді әдіс-тәсілдер әзірлеп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Соңында Серік Әукенұлы өзінің тәжірисінен алынған «Әке мен бала» әңгімесі бойынша сабағымен бөлісті. «Блумм таксономиясы» бойынша тапсырмалар және оған сәйкес белсенді әдіс-тәсілдерін ұсынып, тәжірибе алмасты.
Екінші баяндама дайындаған Мутаирова Б.К. «Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» .
1 секцияда 1. 3 сыныпта пәні мұғалімі Нуртазина Ф.Т «Бала Абай» атты қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы ауқымды болғанымен,мұғалім сабақтың мақсатына жете алды.Сабақта қолданылған тиімі әдіс-тәсілдер сабақтың құрылымын,мазмұнын аша білді.Сабақта топтық,жұптық,жекеленген жұмыстар орындалды.Мұғалім мәтін арқасында сабақтың мазмұнын ашып,оқушылармен жаңа сөздерді меңгере отырып,сабақтың уақытын тиімді пайдаланды.Сабақ барысында оқушылар айтылым,тыңдалым,оқылым,жазылым құрылымдарын тиімді пайдалана алды.Сабақта қолпаштау әдәсі,өзін-өзі бағалау әдісі тиімді пайдаланылды.
2. 6 «Е» сыныбында «Ұлы дала елі» атты ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі Г.М.Байгозина сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақта оқушылар белсенділік танытты, әсіресе, өткен тақырыпқа шолу барысында оқушылардың білім деңгейі жоғары екені байқалды. Оқушылар сабаққа бар ынтасымен қатысып, пәнге деген қызығушылықтарының жоғары екенін байқатты. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім жаңартылған білім мазмұнына сай тапсырмалар құрастырғаны байқалады. Сабақты қорыту барысында «classtaime» платформасын қолданды. Оқушылар аталған тапсырманы орындау барысында жоғары белсенділік танытты. Бұдан оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін аңғаруға болады, сонымен қатар оқушылармен кері байланыс кезінде оқушылар өз қателерін тауып, олардың дұрыс жауабын айта білді.
3. 9Б сыныпта «Биотехнолог маман» дегеніміз кім? тақырыбы бойынша сабақ жүргізді. Мұғалім Кизатулина Г.А.Топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері болды. Сабағында «Кір жаятын жіп», «Түртіп алу», «Сұрақ — жауап», «Ашық микрофон», «SMS» әдістерін қолданды. Тыңдалым дағдысы бойынша оқушылар мәтіндегі ақпараттың шынайлығы мен нақтылығын анықтап өз пікірлерін сенімді дәлелдеп жеткізді. Кластер арқылы жұмыстарын қорғады. Сұрақ-жауап арқылы еркін өз ойларын жеткізе алды. Аудиомәтін, бейнежазбалар, слайдтар, үлестірмелі материалдар, презентация, суреттер, интерактивтік тақта қолданылды. Ресурстар: Білімленд платформасы, ғаламтор, оқулық болды.
2 секцияда : 1. Әукенұлы Серік 4 «М» бастауыш сыныбында күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «Сұлулықты сақтайық» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.
Сабақта барлық тапсырмалар оқу мақсаттарына сай құрастырылды
Тыңдалым және айтылым дағдысымен жұмыста « Кубизм. Сұрақ-жауап» және « Кестені толтыру» әдістерін қолданды. Бұл әдістер оқушылардың тыңдалым мәтінін түсінуін бақылауға және сөйлеу тілдерін дамытуға тиімді. Нәтижесінде оқушылардың көбісі мәтін сұрақтарына жауап беріп, ақпаратты толтыра алды.
Оқылым дағдысы бойынша оқу мақсатына сәйкес оқушылар мәтінді талдап оқып, мәтіннің жанрын және түрлерін ажырату тапсырмаларын орындады. Берілген жұмысты әр оқушы жеке орындады. Тиімді тұстары, оқушылар мәтін түрлерін ажыртуға дағдыланған. Барлық оқушылар әр мәтіннің түрін қатесіз ажырата білді.
Жазылым дағдысына « 4 қадам» әдісін қолданды. Әдістің тиімділігі оқушының ауызекі сөйлеу тілін және сөйлем құрастыра алу дағдыларын жақсы дамытады. Берілген жұмысты әр оқушы жеке орындап, кейін жұпта өздерінің сөйлемдерін өзара тексеріп,талқылады. Жақсы тұстары оқушылар жай және құрмалас сөйлем құрастыра алады және құрмалас сөйлемнің құрылымын білді.
Бағалауда «Қол әдістері арқылы» бағалау және өзіндік бағалау түрлері болды.
2. 7 «М» сыныбында «Төрт түліктің пайдасы» атты ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі А.И.Набиева сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақта оқушылар белсенділік танытты, әсіресе, Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап барысында оқушылардың білім деңгейі жоғары екені байқалды.Сабақта психологиялық ахуал тұғызып, оқушылардың ынтасын сабаққа аударды.Жаңа тақырыпты ашып, мәтіндермен тиімді жұмыс жүргізе білді. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай таңдалынған. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім жаңартылған білім мазмұнына сай тапсырмалар құрастырғаны байқалады. Оқушылар сабаққа бар ынтасымен қатысып, пәнге деген қызығушылықтарының жоғары екенін байқатты. Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қарым-қатынас байқалады. Сабақты қорыту барысында «Kahoot!» платформасын қолданды.
3. 10 «Д» сыныбында қазақ тілі және әдебиет пәнінен физика пәнімен кіріктірілген сабақ өтті. Мұғалімдері Базарова Г.С және Ифандопуло Е.Г
Сабақтың тақырыбы «Тұрмыстық қалдықтар». Сабақта топтық, жұптық және жекеше жұмыстары жұргізілді. Сабақта сұрақ – жауап, ой қозғай оқушының шығармашылық қабілетін арттыру түртіп алу тәсілдері қолданылды. Мәтінмен жұмыс істегенде топтық жұмысты қолдану өте тиімді, ал ақпарат іздеген сабақ кезендерінде жұптық жұмысымен қолдану өте қолайлы. Физика пән мұғалімі зерттеу әдісімен, Padlet тақтайшасы, тест жұмысын тексергенде Online TestPadпен қолданды.
3 секцияда
- 5 «М» сыныбында «Алтын қалам » әдеби сыйлыңының жеңімпазы мұғалім М.Нурова оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдысын қалыптастыруда «Миға шабуыл», «Уақыт тізбегі», шын- жалған ақпаратты тапты, «Сағат тілімен жүру» әдісі, «Plikers» әдісі қосымшасын пайдаланды.
- 8 «Л» сыныбы мұғалім: Макаева Б.И. Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы биоалуандылық
« Миға шабуыл» әдісі — бейне жазба бойынша жаңа тақырыпқа болжау болды
Сабақта топтық, жұптық, жекеше түрлер арқылы жұмыстар өткізді.
Топтық жұмыс– Оқушылар мәтінді мұқият тыңдады, негізгі ойды аңықтады, кластер арқылы жұмыстарын қорғады, бағалау критерийлер арқылы бір-бірін бағалады.
Жұптық жұмыст — «Мен-саған, сен-маған» әдісі. Оқушылар бірі –біріне сұрақ қойып, еркін жауап берді.
Жекеше жұмыста – «ПОПС» формула. Оқушылар «ПОПС» формуласын қолданып, сабақтың қорытындысын жасады. Алған ақпараттар бойынша өз пікірлерін айтты..
Кері байланыс “SMS» — арқылы өз ойын жазу Оқушылар “SMS» — арқылы сұраққа жауап берді –Биоалуандылықты сақтау үшін не істер едің?
- 11 В сынып мұғалім: Арстанова Рысты УрыстеновнаМ.Әуезов «Абай жолы» роман –эпопеясы бөлімі бойынша « Ел болашағы» тақырыбы өткізілді.Осы сабақ көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдады және салыстырды, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізді.Жазылым дағдысын кезінде анализ жасады , пікір білдірді, фактілер мен мысалдар келтірді, қорытынды жасау болды, айтылым дағдысын бір-бірімен ақпарат алмасты. Кері байланыс «ПОПС формуласын» қолданды.
Семинар «Ерікті микрофон» әдісі арқылы қорытындыланды.