«Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 17 ақпанында Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияныны ұйымдастырушылар: Д.А. Қонаев атындағы колледж, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК.

Конференцияның  пленарлық отырысында  жазушы, профессор, «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабай (Алматы қ.), саясаттанушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Нұржан Болатұлы, тарихшы, PhD докторант С. М. Елемесов, Д.А. Қонаев атындағы колледжінің оқытушысы Ш. З. Альмағамбетов (Нұр-Сұлтан қ.), сондай-ақ студенттер Тұрмаханбет Феруза («Түркістан» жоғары көпсалалы медициналық колледжі, Түркістан қ.), Тоқтыбаев Сүндет (Рудный құрылыс және көлік колледжі, Қостанай облысы), Мошнякова Анель (Жоғары медициналық колледжі, Алматы қ.) және Алшынбаев Тимур (Көлік және коммуникация жоғары колледжі, Нұр-Сұлтан қ.) баяндама жасады. 

    ​     Конференция материалдарында мақалаларды жариялау үшін Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Қостанай, Көкшетау, Жезқазған, Қызылорда қалаларынан және т. б. өңірлерден 200-ден астам өтінім берілді.

Конференция барысында Қазақстан дамуының негізгі экономикалық және әлеуметтік-саяси бағыттары, Д.А. Қонаев және оның болашақ Қазақстанның қалыптасуындағы ықпалы мен ұлы тұлғаның өміріндегі қызықты деректер талқыланды.

Жұмыс қорытындысы бойынша студенттердің баяндамалары мен мақалаларынан 15 номинация: «Үздік конференция баяндамашысы», «Үздік зерттеу жұмысының идеясы», «Тақырыпты үздік креативті баяндағаны үшін», «Автордың тақырыпты ашуға қосқан үлесі үшін»,  «Өз пікірінің дәлелдігі және қисындылығы үшін» Дипломдармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, сондай-ақ конференция материалдарының жинағы шығарылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *