«Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы көркем шығарманың рөлі»тақырыбына арналған коучинг-семинарының есебі

2022 жылыдың 16 ақпан күні Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы және Білімді жаңғырту  орталығындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Жанар Сейтахметқызының   ұйымдастыруымен  қала  мектептерінің жас мамандары үшін оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы көркем шығарманың рөлі туралы түсінік бере отырып, оқу сағатын өз тәжірибесінде  қолдануға ықпал ету, жүзеге асыруға жетелеу мақсатында «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы көркем шығарманың рөлі» тақырыбында  коучинг-семинар  өткізілді.

        Шараны қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі Карамурзина Маржан Жайлаубайқызы  бастап, жас мамандарға өз тілегін білдірді.

       Шараның   басында   жас   мамандар  коучингтің   негізін  қалаушы

Джон Уитмордың  «коучингтің  адамға өз әлеуетін, қабілетін ашуға мүмкіндік беретіндігі, адамға өз сауалына жауапты өзі табуына көмектесетіндігі, оның жеке өмірде, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жол ашатындығы»  туралы ойымен танысты.

         Одан әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Коныртаева Оқу сағатының тиімділігіне, көркем шығарманың оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру құралы екендігіне көз жеткізу мақсатында мұғалімдерді топтарға бөліп, кеспе қағаздардағы тақырыптар бойынша жұмыс жасатты. Әр топ:

  • Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы көркем шығарманың рөлі қандай?
  • Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалай қалыптастырған болар едіңіз?
  • Егер оқушы кітап оқудан бас тартса…
  • Егер кітапқа тіл бітсе…  тақырыптары бойынша өз постерін қорғады.

         Кітап оқудың адамға тигізер пайдасы туралы   анимациялық  бейнебаяннан   (https://www.youtube.com/watch?v=E2iY6EtscZw) кейін мұғалімдер М. Шахановтың  «Шың басындағы оқиға» шығармасынан үзінді оқып,  жеке, жұпта, топта талқылап, І топ Суретті постер, ІІ топ Аға сөзін көркем сөзбен өрнектеу, ІІІ топ «Егер мен Мұхтар болсам…»,  IV топ Қыз сыры (монолог) постер қорғау, кір жаю, ыстық орындық стратегиялары арқылы  жұмыс  жасады.

        Тақырып бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін мұғалімдер өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасай отырып, коучингтің кәсіби дамуды реттеуге бағытталған жұмыс түрі екендігіне көздерін жеткізді.

Коучинг-семинарға қатысушылар бүгінгі шарадан  алған әсерін «жүрекшелер» арқылы  жеткізіп,  іс-шараны  ұйымдастырған Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Маманова Жанар Сейдахметқызына және №78 мектеп-гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің  мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған