«Талдау және мониторинг бөлімі» 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығымен педагогтарды аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын 2022 жылғы 1 – 7 ақпан аралығында өткізді. Аталған жұмыс бойынша «Online әдіскер» жобасы шеңберінде 6 вебинар жүргізілді. Жұмыс барысында Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары және педагогтері, әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Педагогтермен кері байланыс сауалнама түрінде жүргізілді. Сауалнама бойынша түскен сұрақтардың әрқайсына толықтай жауап ауызша және жазбаша түрде берілді. Бөлім әдіскерлері 24 білім беру ұйымдарына өткен жылғы педагогтерді аттестаттау қорытындысы бойынша құжат тапсыруда жіберген кемшіліктермен педагогтерді аттестаттаудың келесі кезеңіне дейін әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.