«EduLeadersNS» жобасы аясында «Құндылықтар негізінде оқыту»жас педагогтерге арналған семинар-практикум

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 4 ақпан күні  офлайн форматта Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «EduLeadersNS» жобасы аясында «Құндылықтар негізінде оқыту» жас педагогтарға арналған семинар-практикум өтті.

2022 жылдың басынан бастап жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында келесі мектептер №№8, 9, 15, 37, 54, 56, 67, 82 қатысатын «EduLeadersNS» жобасы әзірленді.

Жоба білім беру ұйымының эмоционалды ортасын өзгертуді, орта құратын моральдық дәстүрді қалыптастыруды, сондай-ақ академиялық үлгерімге ұмтылуды, моральдық және этикалық құндылықтарды арттыруды көздейді.

 «EduLeadersNS» рухани-адамгершілік дамуды қамтамасыз етуге, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, үлгерімді арттыруға, әлеуметтендіруге, кәсіби бағдар беруге, сыни ойлауды дамытуға, экологиялық, салауатты және қауіпсіз өмір мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл жоба білім беру ұйымының ата-аналармен тығыз және тұрақты байланысы арқылы жүзеге асырылады.

Семинарда Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Дауешова Сындар Муратовна, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Құлмағамбетова Ақсұлу Шынболатқызы сөз сөйледі. Спикерлер «Team Building» жас педагогтарымен өткізді.

Іс-шара барысында «Құндылықтарға негізделген білім беру» Qundylyq.kz негізін қалаушы, тренері, менторы Телюқанов Жігер Ерболұлы «Құндылықтарға негізделген білім», «Білім-инновация» Халықаралық Қоғамдық Қорының тәрбие және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Жунисов Әлишер «Әдеттер» тақырыбында тәжірисімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде жас педагогтар тапсырмаларды орындап, «EduLeadersNS» жобасының жоспарымен танысты. Соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған