«Жаңа жағдайдағы білім беру стратегиялары» атты шебер-сыныбы

 2022 жылдың 31 қаңтар күні  Мененджмет, бизнес және білім беру колледжінің базасында елорда ТжКББ ұйымдар директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтары, кураторлары және әлеуметтік педагогтері үшін «Жаңа жағдайдағы білім беру стратегиялары» атты шебер-сыныбы ұйымдастырылды.

Шебер-сыныбын сертификатталған бизнес-тренер, бизнес-коуч, психолог, ICBT халықаралық мектебінің аккредиттелген тренер-оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Харизма» оқыту және дамыту орталығының жетекшісі Серикбаева Людмила Ильинична жүргізді.

Шебер-сыныпта Л.И. Серикбаева қызықты және қолжетімді түрде ұрпақтар теориясы арқылы студенттермен тәрбие жұмысының практикалық тәжірибесімен бөлісті, әртүрлі жастағы және бейресми жастар топтарымен стратегияның ерекшеліктерін көрсетті.

Іс-шараға қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен уақытылылығын, алынған тәжірибе теориясының жұмыстағы әріптестермен, ата-аналармен және студенттермен жұмыс жасаудағы маңыздылығын атап өтті.

Шебер-сыныпта іскерлік ойындар өткізіліп, проблемалық жағдаяттар мен студенттермен жеке жұмыс жүргізу тәсілдері шешілді. Барлығы 40-тан астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған