«Бастауыш сыныптарда «Lesson Study» тәсілін тиімді қолдану» тақырыбында қалалық  онлайн семинар

2021 жылғы 28 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №70 мектеп-лицейде «Бастауыш сыныптарда «Lesson Study» тәсілін тиімді қолдану» тақырыбында қалалық онлайн семинар өтті.
Іс-шара мақсаты: бастауыш сыныптарда «Lesson Study» тәсілін тиімді қолдану бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысына Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, сондай-ақ елордалық бастауыш мектеп мұғалімдері қатысты. Семинарда «Lesson Study» тәсіліне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды.
Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Н.Әзімбай «Lesson Study» — педагогикалық әдістемені жетілдіруге бағытталған сабақты зерттеу әдісі» тақырыбында сөз сөйледі.
«Lesson Study» тәсілі бойынша зерттеу сұрақтарын дұрыс таңдаудың маңыздылығы» тақырыбында №70 мектеп-лицейі директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Г. Хадыл, бастауыш сынып мұғалімдері Г. Байдилдаева және Ж. Махулбекова «АВС деңгейіндегі білім алушыларды бақылау және жасалатын жұмыс түрлері», «Зерттеу сабағында білім алушыларды бағалаудың түрлері» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімінде топтарға бөлінген педагогтер 4 зерттеу сабағына онлайн қатысты:

  1. Математика Орыс тілі, 1-сынып, «Есептер шығару», кіріктірілген сабақ, мұғалімдері Ж.Интыкпаева, Л. Лашенова
  2. Әдебиеттік оқу, 2-сынып, «Тазалықты сүйемін», зерттеу сабағы, мұғалімі У.Макенова
  3. Әдебиеттік оқу, 3-сынып, , «Күй құдіреті», зерттеу сабағы, мұғалімі С. Саркытбекова
  4. Қазақ тілі Ағылшын тілі, 4-сынып, «Ілік септік», кіріктірілген сабақ, мұғалімдері М. Жакупбекова, Т. Рантай.
    Педагогтер зерттеу сабақтарын топ бойынша талдай келе, «Lesson Study» тәсілін бастауыш сыныптарда қолдану қаншалықты тиімді екенін атап өтті.Қатысушылар тарапынан берілген кері байланыс мектептегі зерттеу сабақтарын әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізері анық.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *