Нұр-Сұлтан қаласының қосымша білім беру ұйымдары директорларының отырысы

2022 жылғы 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласының қосымша білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен отырыс өтті.

Отырысқа Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Мадеев Сабыржан Маратұлы, директордың орынбасары Дауешова Сындар Мұратқызы, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен директорларының орынбасарлары Кушибаева Раушан Ғаниқызы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының директоры, Джабаева Алмагүл Борисовна, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Сабиев Фархад Қабденұлы, № 1 Өнер мектебінің директоры, Гүлмира Жангелді, №2 Өнер мектебінің директоры, Мырзакулова Урлай Жанабаевна, №1 Балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ли Владислав Владимирович, №2 Балалар музыка мектебінің директоры, Исенова Гүлзия Жагипаровна, Балалар көркемсурет мектебінің директоры, Абенов Мэлс Кабдоллович, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының директоры, Тяженов Нурлан Искендирович, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры, Алтынбаева Эльмира Букенбаевна, Техникалық шығармашылық орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Күн тәртібіне қосымша білім беру ұйымдары қызметінің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру, қосымша білім берудің жұмыс жоспарына ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау сияқты негізгі мәселелер шығарылды. Пікірталас кезінде ұйым басшыларымен келесі мәселелер айтылып, талқыланды:

· Қосымша білім беру педагогтеріне арналған іс-шаралардың бірлескен жұмыс жоспары;

· Қосымша білім беру педагогтерінің аттестаттаудан өтуіндегі мәселелер мен шешу жолдары;

· Қосымша білім беру ұйымдарының халықаралық, республикалық, қалалық конкурстарының тізімі және басқа да проблемалық мәселелері айтылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша отырыста талқыланған барлық өзекті ұсыныстар мен мәселелерді талдауға, Нұр-Сұлтан қаласының қосымша білім беру ұйымдары қызметін одан әрі бағыт-бағдарын айқындау бойынша отырыс хаттамасын жасауға тапсырма берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған