21.01.2022 ж. күні Білім беруді жаңғырту орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттарын талапқа сай қолдану үшін түсіндіру, әдістемелік сүйемелдеу көрсету мақсатында «Білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттарын талапқа сай қолдану» вебинарын өткізді.
Вебинар модераторы, орталық әдіскері Жанар Сейтахметқызы негізгі нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыра келе, педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіруге байланысты сұрақтары бойынша сұрақ-жауап алаңы бойынша мұғалімге әдістемелік көмек көрсетті. №49 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мектеп директоры Мухаметжанова Арай Аукеновна «Тәлімгерлік: жас маман және тәлімгер жұмысы» тақырыбы бойынша «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі» туралы №130 (№472 бұйрық өзгерістерімен) бұйрығына сай «тәлімгерлік жоспарын» жүргізуді, «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту» туралы
№ 160 бұйрығына сәйкес тәлімгерлікті ұйымдастыруды, тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды таныстыра келе, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
№72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, қалалық «Жас маман» клубының жетекшісі
Адилбекова Жанар Советхановна «Оқу мақсаттарына жету үшін тиімді интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспарды тиімді жоспарлау, оқу мақсаттарын сабақ мақсатына айналдыру жолдары, сабақ мақсатына жетуде тиімді интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесін ортаға салды.