2022 жылдың 15 қаңтар күні Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа көзқарастағы мұғалім ұстанымы» (жас мамандарға арналған) тақырыбында химия және биология пәндерінің жас мамандарына қалалық семинар өткізілді.
Семинарда Нұр-Сұлтан қаласының №74 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі Мусаханова Жаркынай Махмудалиевна №54 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Тумарбаева Кызылгуль Кабылкаковна, Касымова Лазим Талғатқызы «Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдер», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», «Сабақтың әр кезеңіне бағыт-бағдар беру» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Орталықтың әдіскері Ш.Шакирова «Мұғалімнің әр түрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалану» тақырыбында сөз қозғады.
Семинар тақырыбының өзектілігінің жоғары болғандығын тыңдаушылардың пікірлері мен қатысымы бойынша байқалады. Әрбір қатысушы іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.