«Педагогтердің тәжірибесін оқу-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу» вебинары

«Педагог мәртебесі» заңының «Педагогтің міндеттері» 15-бабында педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге міндетті делінген. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

13 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ортасында авторлық әзірленім (бағдарлама: қолданбалы курс, таңдаулы курс;  әзірленім: әдістемелік нұсқаулық, кешен, мұғалімнің жұмыс дәптері, оқушы дәптері т.б.) әзірлеу жұмыстарына  әдістемелік сүйемелдеу көрсетіп, авторлық жұмыс құрастыратын үздік мұғалімдердің тәжірибесін анықтау және тарату арқылы педагогтердің  шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау, практикада өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу, шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөлісу, кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында  «Педагогтердің тәжірибесін оқу-әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу» вебинары өтті. «Авторлық әзірленімді  жазуға қойылатын талаптар» тақырыбы бойынша Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Сейтахметқызы «Қалалық оқу- әдістемелік кеңес туралы ереже», «Сараптама кеңесі туралы ережеге қосымша» құжаттарымен, «Педагогикалық тәжірибе нәтижелері бойынша оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу, әдістемелік ұсынымымен таныстырып өтсе, педагогика ғылымының кандидаты, тренер, БЖО әдіскері  Ахметова Қымбат Қасымқызы «Педагогикалық тәжірибе негізінде оқу-әдістемелік басылымдар құрастыру» тақырыбы бойынша авторлық әзірленім түрлері, оның құрылымы, мазмұны, қойылатын талаптар, құжаттарды толтыру үлгілері жайлы педагогтердің сұранысын қанағаттандырды. Ал Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, PhD докторант, тренер Баянғали Ғалымжанұлы «Оқу әдістемелік құралдар мен авторлық бағдарлама жазудағы ескеретін мәселелер» бойынша педагог авторлық әзірленімдерді өз жұмысындағы  мәселеден шығарып, оны зерттеу арқылы авторлық жазу жолдары мен тәсілдеріне тоқталып, педагогтердің сұрақтарына жауап беру арқылы өз тәжірибесімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған