«ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫ КЕЛБЕТІ — ЫБЫРАЙ» тақырыбында қалалық конференция

23 желтоқсан күні Қазахстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫ КЕЛБЕТІ — ЫБЫРАЙ» тақырыбында қалалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – білім беру саласының дамуында Ы. Алтынсаринның өмірі мен іс-әрекеті арқылы оның ойшыл-философиялық көзқарасын насихаттау.

Конференцияға республикамыздың білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, БАҚ өкілдері, Ы Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері және білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында фойеде қонақтарға арнайы №2 өнер мектебінің «Сырлы саз» фольклорлық ансамблі Нұрхан Айжарықов жетекшілігімен өнер көрсетті. Көрмеде Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұстаздың ұлы келбеті – Ыбырай» атты жас суретшілер байқауы жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды. Ы Алтынсаринге арналған Нұр-Сұлтан қаласының №2 өнер мектебі, «Айналайын» балалар хоры «Ұстаздардың ұстаздары — Ыбырай ата!» авторлық ән орындады.

Конференция барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институты директорының орынбасары, химия ғылымдарының кандидаты профессор Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту» орталығының басшысы «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин», «Халық алғысы» төсбелгілерінің иегері, «Қазақ тілі» оқулығының авторы Жуманова Сара Сеитқызы, Білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ Жамбыл облысы Шу қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің шөбересі Аманкелдинова Жұмакүл Байдабекқызы қатысушыларға бейнехабарлама жолдады.

Іс-шарада келесі спикерлер сөз сөйледі:

— Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, тақырыбы «Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннен басталған, ұлт ұстазы, ұлт ұйтқысы» Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай қаласы аймақтық университетінің профессоры, ақын, жазушы, драматург, Махмұт Қашқари атындағы «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты;

— Дихан Қамзабекұлы, тақырыбы «Ы.Алтынсарин тұлғасы: тағдыр сыны және рухани зерде» Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессоры;

— Дүйсен Сейітқали Жақияұлы, тақырыбы «Ы.Алтынсарин мұрасы тарихшы ғалымдар еңбектерінде» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты», «Деректану, тарихнама және отандық тарих» бөлімінің ғылыми қызметкері, «Ы.Алтынсарин», «ҚР ғылымын дамытқаны үшін», «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор;

— Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы, тақырыбы «Ұстазға тағзым» электрондық кітабының ІІ томның тұсаукесері» Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы ақпараттық ресурстар бойынша басшысының орынбасары, «100 жаңа есім» атағының иегері;

— Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы тақырыбы «Ұстазға тағзым» ІІ-том электрондық кітабының тұсаукесері» ақын, композитор, журналист, «Құрмет» орденінің иегері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР «Білім беру үздігі»;

— Хамзина Ләззат Болатқызы тақырыбы «Қостанай облысы Торғай ауылы Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің тарихы» Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық келсімі Корей мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі.

Конференцияны шығармашылық ұжымдар музыкалық номірлерін паш етті: №1 Балалар музыка мектебінің дәстүрлі әншілері «Қыздар-ай» ансамблі, жетекшісі Самал Жұмағалиқызы; «Дана ұстаз – Ыбырай» «Парасат» хоры № 78 мектеп-гимназиясының оқушылары, автор-композитор, хор жетекшісі Кикимов Дәулеткерей Әбілхатұлы; «Ару» би ансамблі, №1 Балалар музыка мектебінің жетекшісі Секербек Багдина Мейрамқызы; Қайырғали Әбішев «Ыбырайдың желдірмесі» фольклорлық ансамблі «Сырлы саз» жетекшісі Нұрхан Айжарықов №2 өнер мектебі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *