Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Балабақша-Мектеп-ЖОО сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырыс елордалық балабақша және бастауыш сынып педагогтерінің арасында білім беру мен тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудағы сабақтастық маңызын талқылау, сабақтастықты жүзеге асыру жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Басқосуда балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру, мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің мектепке даярлығы сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Д. Байтасов, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, профессордың м.а. п.ғ.к. М. Асылбекова, аталған кафедра профессорлары п.ғ.к. Н. Албытова, п.ғ.к. С. Жиенбаева, №29 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Касанова және бастауыш сынып мұғалімі А. Кожаналиева, №86 «Зияткер» балабақшасының меңгерушісі А. Нуркабылова, «Аққу» балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Г. Мукажанова қатысты.