«Ұлт мұрасы – Тәуелсіздік!» тақырыбында қалалық семинар

2021 жылғы 14 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №20 «Арайлым» балабақшасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлт мұрасы – Тәуелсіздік!»  тақырыбында қалалық семинар өтті.

Мақсаты: Жас мамандар арасында бестемше, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарын кеңінен  насихаттау және оған қызығушылығын арттыру.

 Семинарға қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, Орталық әдіскерлері, Дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Шотаев Мақсат Есенбекұлы қатысты.

№71 «Мөлдір» балабақшасының инновация әдіскері А. Амирханова «Бестемше ойынының бала тәрбиесі мен білім берудегі маңызы», Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ж. Даримбетов «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны» тақырыбы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың екінші бөлімінде жас мамандар арасында  «Тоғызқұмалақ» және «Бестемше» ұлттық ойындары бойынша қалалық сайыстың финалдық кезеңі өтті. Сайысқа елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 16 педагог қатысты.

 Ойын барысын жіті қадағалаған қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша:

І орын — Іскендір Толғанай Сарсенбайқызы,   №39 «Меруерт» балабақшасы;    

ІІ орын — Төлебай Ләзиз Әлішерұлы, №57 «Салтанат» балабақшасы;

ІІІ орын — Кариева Маржан Манарбековна,       №41 «Балдырған» балабақшасы.

«Бестемше» ұлттық ойыны бойынша:

І орын — Бозбаева Жансая Тулегеновна,   №61 «Шолпан» балабакшасы;

ІІ орын — Калова Жанар Калибековна,      №5 «Ақбота» балабақшасы; 

ІІІ орын  — Камзина Асель Кайратовна,    №18 «Аяжан» балабақшасы.

 Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *