2021 жылғы 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Педагогтер сабақтастығы» жобасы аясында Нұркен Әбдіров атындағы №33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуде жобалау қызметінің тиімділігін көрсету» тақырыбында қалалық семинар-практикум ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен ынтымақтастық орнату, іс-тәжірибемен бөлісу болып табылады.
«Біз — Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» музыкалық композициясымен басталған іс-шара «Біз – біргеміз, берік іргеміз» квест-тренингіне жалғасты.
№33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінің педагогтері 4 секцияда мына ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұсынды:
1. «Асық – ұлттық құндылығымыздың асыл қазынасы», мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А. Хансолтан;
2 «Мы – наследники Нуркена» жобалау қызметі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А. Белявская;
3. «Бақыттымыз бәріміз» дамыту ойындары, психолог А. Аренова;
4.«Скалодром ойындары» кіріктірілген оқу қызметі, тәрбиеші Ж.Ильясова, дене шынықтыру нұсқаушысы Чуваш Сұнхар. «Сурет салудың сиқырлы әлемі» шебер-сыныбында тәрбиешілер Д.Искакова, Ә. Айтикова сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинар-практикум соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді.