Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2021 жылғы 8 желтоқсан күні №59 мектеп-лицейінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жобаларын енгізу арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру»тақырыбында офлайн форматта оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты — білім беру мекемелерінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлардың әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.
Аталған іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының орынбасары Иманбекова Эльмира Куатбековна, Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тусупбаев Акбар Аскарович, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәрбие жұмысы бойынша жобаларды іске асыру» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың практикалық бөлімінің тақырыбы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде кітапханалардың жұмысын ұйымдастыру» аға педагог — кітапханашы Мұстапинова Гүлсара Ахметханқызы «Оқу мәдениетін дамыту», аға педагог — кітапханашы Асылхан Айсана Асылханқызы «Ақпараттық сауаттылықты дамыту», аға педагог — кітапханашы Қажатова Райгүл Нартайқызы «Функционалдық сауаттылық пен зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсетті. Семинар қорытындылаумен және талқылау кезінде айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды жинақтаумен аяқталды, семинарға қатысқан барлық педагогтер тәжірибе алмасты. Семинар тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына өз қызметін зерттеуге, тәрбие жұмысында жаңа жобаларды енгізуге және өзін-өзі жетілдірудің жаңа деңгейіне өту мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік берді.