«Ағылшын тілі сабағын онлайн платформалар мен интер-белсенді әдістерді пайдалана отырып тиімді жоспарлау» тақырыбында қалалық семинар

03.12.2021 ж. Білім беруді жаңғырту орталығы мен №73 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған «Ағылшын тілі сабағын онлайн платформалар мен интер-белсенді әдістерді пайдалана отырып тиімді жоспарлау» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын және мұғалімдердің іс-тәжрибесін жетілдіруге мүмкіндік беретін АКТ-ны сабақ үрдісінде ұтымды пайдалану.

Семинарда Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна, ағылшын тілі ассоцияцияның көшбасшысы Булебаева Алима Канатовна, №31 орта мектебінің педагогі Ргизбаева Манат Еркиновна, №78 мектеп – гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Изей Нұржамал Жақсыбайқызы, №73 мектеп-лицейінің ұстаздары Дауленова Жанна Абдиржановна, Қалмен Айбейне Ерболқызы, Валиханова Гульжайнат Еркиновна, Умирзахова Куралай Токтаровна, Кемелбек Берікболсын Маратұлы, Анарбаева Назым Нурганиевна іс–тәжірибиелерімен бөлісті. Сонымен бірге, АҚШ Елшілігі жанындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының Аймақтық кеңсесімен ынтымақтастық шеңберінде Орталық Азиядағы ағылшын тілі бағдарламалары кеңсенің үйлестірушісі Ольга Патерова сөз сөйлеп, «Үздік онлайн сабақ» қалалық байқауының жеңімпаздарына 30 оқулық және де қала педагогтеріне 200 журнал сыйға берді.   Білім беруді жаңғырту орталығының атынан  іс–тәжірибиесімен бөліскен педагогтерге сертификат табысталды. Семинарға қатысушы педагогтер қауымы ауызша, жазбаша кері байланыстар бере отырып алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған